«Тұрғындар өңірдің өркендеуін күтіп отыр. Сондықтан әкімшілік рәсімдерді созбай, жылдам қимылдау керек».
Үкімет басшысы Әлихан Алматы облысын дамытуға қатысты кеңесте осылай деп, артылған міндетке жауапкершілікпен қарауды тапсырды. Жиында тұрғын үй, әкімшілік және әлеуметтік нысандарды салу, логистика және инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту сынды өзекті мәселелер көтерілді. Мәселен, Қонаев қаласында кәріз-тазарту құрылысы жөнделетіні айтылды. Жоба-сметалық құжаттамасы жеке әріптес анықталғаннан кейін дайындалады.Сондай-ақ, жауаптылар ауқымды мәдени-спорттық іс-шараларды жиі өткізуді жоспарлап отыр. Соның бірі - жақында өтетін MotoGP мотоцикл жарысынан әлем чемпионаты.
