Түркиядағы зілзаланың зардабымен күрескен құтқарушылар марапатталды

Түркиядағы зілзаланың зардабымен күрескен құтқарушыларға құрмет көрсетілді.

Сын сағатта алдыңғы шепте болған мамандарға Президенттің алғыс хаты, ведомстволық медальдар және төсбелгі табысталды. Айта кетейік, отандастарымыз бауырлас елде тәулігіне 16 сағат бойы жұмыс істеді. Үйінді астынан 7 адамды тірідей тауып, қаза тапқан 88 адамның денесін алып шықты. Марапаттан қызметтік иттер де тыс қалмады. Құтқарушыларды Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин құттықтады.