Петропавлда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Қазіргі таңда қалалық жұмыспен қамту орталығында 1500 астам адам есепте тұр. Өңірде әсіресе кәсіби күзетшілерге сұраныс көп, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақерке Төлебаева 2007 жылдан бері ер азаматтармен бірге иық тіресіп еңбек етіп келеді. Сауысқандай сақ жан қазір облыстық әкімдікті күзетеді. Таңдаған мамандығына еш өкінбейді. Бастысы – антына берік.

Ақерке Төлебаева, ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының инспекторы:

- Форма киіп, халыққа қызмет ету менің бала күнгі арманым еді. Мақсатыма жеттім. Ең бастысы, отбасым мені әркез қолдайды. Жұмысым аса ауыр емес. Айылығымызды тұрақты алып тұрамыз. Оның үстіне пәтерақы төлеуде  мемелекет жәрдемдеседі.

Бұл жандар старегиялық ғимараттармен аса маңызды мемлекеттік нысандардағы қауіпсіздікті қаматамасыз етеді. Бүгінде өңірде осы салада маман тапшы. Шамамен 70-тен астам адам жетіспейді. Сондықтан мәселені шешу үшін аталған ведомство өкілдері жұмыспен қамту орталығымен меморандум жасаған. Соның нәтижесінде алғашқы бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Оған 35 жасқа дейінгі азаматтар шақыртылды.

Тимур Бәтішев, ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының басшысы:

- Бұрыңғы жылдары жалақы төмен болды. Қазіргі таңда біздің министрдің табандылығымен, тегеуірінділігімен, ақыл-парасаттылығымен осының барылығы жоғарыға, Президентке дейін баяндалып, қазіргі уақытта үлкен қолдау тауып жатыр. Қазіргі таңда жалақымыз өсті. Сонымен қоса бізге пәтерақысын төлеу басталды. Яғни, қазіргі таңда қызметкерлерге жағдай жақсы жасалып жатыр.  

Бүгінде қалалық жұмыспен қамту орталығында 1500-ден астам адам есепте тұр. Ал оның 350-і бұл қызметке жарамды.

Гүлмира Исмаилова, қалалық жұмыспен қамту орталығының бөлім басшысы:

- Бүгінгі күні 1500 адамның 400-і түрлі мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмысқа жіберілді. Бұл осы жылы ұйымдастырылып отырған төртінші жәрмеңке. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша 2,5 мыңнан астам екі қолға күрек тапты.

Қазіргі таңда өңірде медицина мамандарымен құрылысшыларға сұраныс жоғары.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Қуаныш Қазбеков.