Елімізге «Комирнати» вакцинасының 500 мыңнан аса дозасы жеткізілді

Елімізге Словакиядан коронавирусқа қарсы «Комирнати» вакцинасының 500 мыңнан аса дозасы жеткізілді. Гуманитарлық жүк тиелген ұшақ түнде Алматы әуежайына қонды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өндірушінің мәліметінше, «Комирнати» екпесі  бұрын коронавирусқа қарсы вакцинациялаудың бастапқы толық курсын алған және 12 жастан асқан адамдарды ревакцинациялау үшін ұсынылады. Екпе жаңартылған және құрамында Omicron BA 4 және BA.5 субварианттары бар. Жаңа вакцина жақында еліміздің барлық өңіріне таратылады. Қазір елде «КазВак», «Синофарм», «Комир-нати» екпесі бар.

Роберт Кирнаг, Словакияның Астанадағы төтенше және өкілетті елшісі:

- Бұл гуманитарлық көмек Қазақстан мен Словакия елдерінің арасындағы мәдени, экономикалық достықтың бір көрінісі. «Комирнати» вакцинасын Пфайзердің Омикронға қарсы ең тиімді екпесі деуге болады. Біз вакцинация арқылы ұжымдық иммунитет қалыптастырғанда ғана қауіпті вирусты жеңе аламыз. Словакия халқының жартысынан көбі екпе салдырды.

Сондай-ақ...