loader


Қызылорда облысында 236 көше жөнделеді

Қызылорда облысы тұрғындарының талап-тілегі ортаға салынатын Қоғамдық кеңесте автомобиль жолдары мен жолаушылар көлігі мәселелеріне айырықша мән берілді.

Ағымдағы жылы қала мен оған қарасты елді мекендерде 236 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде ең ауқымдысы Сұлтан Бейбарыс көшесін 4 жолақты даңғылға айналдыру жобасы басталып кетті. «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық магистралі мен Құмкөл-Жезқазған бағытындағы трассаны жалғайтын 4 жарым шақырымдық жолдың ені 14 метрге дейін кеңейтіледі. Жарық шамдары мен аялдамалары да жаңартылады. «Бәйтерек» шағын ауданына қоныстанған 10 мыңдай тұрғынның көптен бері айтып жүрген түйінді мәселесі - облыс орталығымен байланыстыратын көпір болатын. Оның да күрмеуі шешіліп, көктем шыға «Қызылжарма» каналы үстінен жаңа өткел салу жұмыстары бастау алды. Жалпы қаланың инфрақұрылымдық желілерін жаңғыртуға республикалық қазынадан 50 миллиард теңгедей қаржы қаралған. 

Пакуатдин Шамұратов, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

- Құрылыстың жалпы сараптамалық қорытындысы негізінде 12 ай деп көрсетілген. Дегенмен де тамыз айына дейін толық жұмыстарды аяқтап, халық игілігіне берілетін болады. Жолдардың тарлық ету мәселесін халық көтеріп жүрген болатын. 2023 жылға жоба-сметалық құжаттары әзірленіп республикалық бюджетке ұсынылған болатын. Бастапқы қаражаты бөлінді. Бұл жұмыстар сапалы әрі уақытында аяқталып, халық игілігіне берілетін болады.

Сондай-ақ...