Түрмелерге бейнебақылау орнатылады

Бұл жүйе бас прокуратураның бастамасы бойынша құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелеріне де енгізіледі.

Мамандар жазбаны қашықтан қарай алады. Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алуға, жедел әрекет жасауға құқы бар адамдарда жазбаны көре алады. Бұл шаралар азаптауға қарсы халықаралық актілерге сәйкес келеді. Бейнежазбаларды адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, сот және басқа органдар дәлел ретінде пайдалана алады. Архивтің сақталуына тікелей орган басшылары жауапты.