loader


Елде келер жылы папиллома вирусына қарсы вакцина егіле бастайды

Келер жылы папиллома вирусына қарсы  вакцина егіле бастайды.

Вакцина мектеп жасындағы қыздарға ата-анасының рұқсатымен салынады. Бұл туралы онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының онкологтары мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, жыл сайын Қазақстанда жатыр мойын обырынан 600-ге жуық әйел көз жұмады. Ғалымдар, қатерлі ісіктің бұл түрін тек вакцина арқылы жеңуге болады, дейді. 

Толқын Садықова, онкохирург –дәрігер:

- 2013 жылы адамдағы папиллома вирусына қарсы вакцина  егу еліміздің 4 аймағында пилоттық түрде жүргізілген. Сол кезден бергі зерттеулер оң нәтиже көрсетті.  Оған қатысқан ерікті қыз-келіншектер бақылауда болды. Оларда қазір вирустың белгілері жоқ. Бұ дамыған елдердің тәжірибесінде бар.

Сондай-ақ...