loader


Павлодарда «Анамның қолымен жасалған» форумы өтті

Павлодарда «Анамның қолымен жасалған» форумы өтті.

Республикалық деңгейдегі шараға 100-ге жуық кәсіпкер қатысып, бизнестегі тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, шағын кәсіпкерлікпен айналысатын қыз-келіншектер өздері өндіретін өнімдері мен қызметтерін паш етті. Бүгінде Павлодар облысында мыңдаған әйел жеңіл өнеркәсіп, қызмет көрсету салаларында табысты еңбек етіп жүр. Кәсіпкерлік саласындағы әйелдердің үлесі жыл сайын артып отыр. Себебі, жан-жақты қолдау бар. Бұл – форум соның дәлелі. Жиын барысында қатысушылар өнімдерін таныстырумен қатар, бизнес-идеяларды дамыту бойынша кеңес алды. Олар үшін тегін шеберлік-сабақтары ұймыдастырылды.

Жәмила Ерназарова, кәсіпкер:

- Мақсатымыз – әйелдерді бизнесті дамыту мүмкіндіктерімен таныстыру. Мақсатқа қол жеткізу үшін түрлі бағытта қолдау көрсету. Бүгінде әйел кәсіпкерлігінің алдында жаңа мақсат-міндеттер тұр. Оларды орындау үшін бір-бірімізге қолдау көрсеткен абзал.

Сондай-ақ...