Қорғаныс министрлігі Ұлы Отан соғысының ардагері Раиса Сафоничеваны құттықтады

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қорғаныс министрлігі Ұлы Отан соғысының ардагері Раиса Сафоничеваны құттықтады.

Мейрам қарасыңында кейуанаға «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне 30 жыл» медалі табыс етілді. Раиса Егоровна биыл шілде айында 98 жасқа толады. Оның Ұлы Отан соғысындағы жорығы 1942 жылы Украинада басталып, жеңісті Будапештте қарсы алған. Майдангер әже II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Украинаны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да наградалармен марапатталған. 

Мұқан Дүйсекеев, ҚР ҚМ департамент бастығының орынбасары:

- Біз әрдайым өз ардагерлеріміздің ерлігін есте сақтаймыз. Өшпес қайсарлықтарына басымызды иеміз.  Өйткені олар еліміздің жастары үшін үлгі тұтар тұлғалар.