Елімізге 1341 тонна гүл импортталды

Әйелдер мерекесінде гүл саудасы қызатындығы жылдағы құбылыс.

Осы бір сыйлық түрі Қазақстанға негізінен шет елден әкелінеді. Мемлекеттік кірістер комитеті келітрген деректерге сүйенсек, биылғы қаңтар-ақпан айларында Қазақстанға 24 млн 640 дана гүл жеткізілген. Ақшаға шаққанда оның жалпы құны 9,5 млн доллар.

Гүлдердің басым бөлігі Эквадор, Нидерландтан тасымалданады. Экспорт көлемі бойынша одан кейінгі кезекте Колумбмя, Кения тұр. Сондай-ақ биыл Израиль, Өзбекстан, Қытай, Түркия елдеріне де тапсырыс берілген.

Гүлдердің түріне келетін болсақ, елімізде әсіресе раушан гүліне сұраныс зор. Биыл 18 миллион данасы алдыртылған. Одан кейін  хризантема, қалампыр, лалагүл деген түрлеріне  тапсырыс берушілер көп.

Айта кетейік, былтыр Қазақстанға сырттан 46,7 млн долларға 6 690 тонна гүл әкелінген еді.

Импорттаушы елдер:

Эквадор - 769 тонна

Нидерланд - 268 тонна

Колумбия - 137 тонна

Кения - 108 тонна

Гүл түрлері:

Раушан - 799 тонна, 5,8 млн долл

Хризантема - 134 тонна, 1,3 млн долл

Қалампыр - 31 тонна, 161 мың долл

Лалагүл - 35 тонна, 192 мың долл

Басқалары - 376,8 тонна, 2,2 млн долл