loader


Солтүстікқазақстандық Татьяна Васичкина иттің тілін біледі

Ол – Петропавлдағы кинологиялық орталықтағы жалғыз ару. Ер азаматтармен бірдей жүріп-тұрып, қызметін мінсіз атқарып келеді. Ең бастысы, өңірдегі қылмыс атаулының көбі қызметтік иттердің көмегімен ашылады екен, деп хабарлайды «Хабар 24»

Полиция сержанты Татьяна Васичкинаның атқаратын қызметі қоғам үшін аса жауапты. Иісшіл иттердің көмегімен ортаға қауіп төндірген күдіктілерді анықтайды. Сондықтан серігіне сенімді болу үшін күнде жаттығады.  

Гера тек Татьянаның бұйрығын орындайды. Иесі екеуі қауіпті аймақтан жарылғыш затты анықтайды. Дабыл түсіп, төтенше жағдай бола қалса, алдыңғы шепте жүреді.

Татьяна Васичкина, кіші инспектор-кинолог:

- Алғашқы төбетім неміс овчаркасы болды. Бірақ ол маған аса бағынбады. Яғни, онымен жұмыс істеу қиын болды. Осылайша, 2021 жылы мына ұрғашы төбетті алдым. Себебі Гера екеуміз бір-бірімізді жақсы түсінеміз.

Кинологияда кәсіби маман болудың машақаты көп. Өзімен қоймай, өзгелерге де үлгі болуың керек. Қазір Петропавлдағы орталықта ерлермен бірге иық тіресіп жүрген жалғыз ару – осы.

Самат Төлебаев, облыстық ПД кинологиялық қызмет орталығының бастығы:

- Кинологтың жұмысы оңай емес. Төрт аяқтының бабын тауып, онымен жұмыс істеу асқан жауапкершілікті, төзімділікті талап етеді. Әрі шұғыл шақыртуларға күн-түн демей дайын болу керек. Татьянаның бойында осы қасиеттердің барлығы бар.

Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында Татьяна сынды қоғамдық тәртіпті бақылап, қызметте жүрген 600-ден астам ару бар. Яғни, қызметкерлердің әрбір үшіншісі – қыз келіншектер. 

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Қуаныш Қазбеков.

 

Сондай-ақ...