loader


Қонаевта 2 жылыжай салынады

Алдағы 2 жылда Қонаев қаласының іргесіндегі «Арна» арнайы экономикалық аймағында 2 жылыжай кешені салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы аумағы 13 гектар жерге орналасқан әр жылыжай жылына 4 мың тонна көкөніс беруге тиіс. Инвестициялық жобаның құны – 13 млрд теңге. 200 адам жұмыспен қамтылады. Қазір қала іргесінде голландиялық үлгідегі жылыжай жұмыс істеп тұр. Әр гектардан 80 тонна қызанақ жиналады. Биыл қыс суық болды. Сондықтан жылу мен жарықтандыру шығыны артты. Бұл өнім бағасына да айтарлықтай әсер етті. Енді мемлекет тарапынан субсидия қарастырылса, - дейді шаруалар.

Самат Мұхамедияров, жылыжай кешенінің басшысы:

- Газ бен электр қуатын әдеткі мөлшерден артық тұтынуға тура келді. Бұл қосымша шығын. Жалпы, нарықта бағаны тұрақтандыруға болады. Ол үшін жылыжай кешендеріне субсидиялық көмек қажет. Мемлекет тарапынан жылу мен жарық шығынының 30% өтейтін субсидия бөлінсе, бұл фактор  өнім бағасының арзандауына әкелер еді деп ойлаймын.

Сондай-ақ...