loader


Қ. Тоқаев БҚО-дағы «Атамекен» мәдениет сарайына барды

Батыс Қазақстан облысына сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаев өңірдегі ең үлкен мәдениет сарайына барды.

«Атамекен» деген атаумен ашылған өнер ордасы 920 адамға арналған. Президент мұнда өңірдің тарихи мұраларына арналған көрмені тамашалады.  Сосын Жәңгір ханның бірегей жәдігерлерін көрді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы мәдениет сарайының мәжіліс залында аймаққа еңбегі сіңген азаматтармен кездесті. Олардың арасында өңірдің дамуына үлес қосып жүрген сала мамандары мен оқыс оқиғалар кезінде белсенділік танытып, азаматтық үлгі көрсеткен кісілер де бар. Осы жерде еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, ақын Ақұштап Бақтыгереева Президентке ұлт тәрбиесі мен руханият жайлы ой-пікірін жеткізді.

Қ.Тоқаев: Батыс Қазақстанға көбірек көңіл бөлу қажет

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстанды еліміздің дамуы үшін маңызды аймақ деп атап өтті. «Облыстың әлеуеті зор. Елімізде ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Осындай кезеңде біз үшін ең құнды нәрсе – бейбітшілік, өзара түсіністік. Осы жолда бәріміз бір ел болып еңбек етсек, ешқандай кедергі болмайды», – деді. Сосын Батыс Қазақстанға көбірек көңіл бөлу қажет екенін атап өтті.

Сондай-ақ...