loader


ХҚКО-да банкроттыққа өтініш беруге көмектесетін алаяқтар қаптап кетті

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында банкроттыққа өтініш беруге көмектесетін алаяқтар қаптап кетті.

Пысықайлар соттан тыс банкроттық жариялауға арызды жылдам беруге көмектесеміз деп қызметтерін ұсынуда. Ол үшін әрине тиісті ақысын да сұрайды. Бірақ шын мәнісінде бұл үрдіс тегін жүргізіледі. Құжат толтырудың тәртібін білсе, азамат үйден шықпай-ақ егов порталы арқылы өтінішін өзі де жібере алады. Соттан тыс банкроттық жариялау үшін қойлатын талаптар – ол: банк алдындағы қарыз 5 млн теңгеден аспауы қажет, тағы азаматтың атына тіркелген баспана болмауы тиіс және қарыз 12 ай көлемінде төленбеуі керек. Жалпы қаржы министрлігінің мәліметінше, қазір 10 мыңнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялауға дайын. Арыздар халыққа қызмет көрсету орталықтары мен егов порталында қабылданады.

Астана Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:

- Түс уақытында алынған статистикаға сәйкес 11 мың 177 өтініш келіп түсті. Оның басым бөлігі егов электронды порталы арқылы түскен болса, 700-ге шақтысы мобильді қосымша арқылы түскен. Бұл азаматтардың барлығы да банкрот болады деген сөзді білдірмейді. Алдымен ақпараттар басқа да мемлекеттік органдармен тексеріледі. Егер азамат барлық талаптарға сәйкес келіп, шарттардың барлығын орындап отырса, онда азаматтарға қатысты банкроттық процедура басталатын болады.

Сондай-ақ...