Ресейде қазақ тілінде шығатын жалғыз ғана «Омбы қазақтары» газетіне 15 жыл толды.
Теріскейдегі қандастардың тыныс тіршілігін айтып, қазақ әдебиеті мен мәдениетін насихаттап жүрген жас басылымның оқырмандары көп.
Осыдан 15 жыл бұрын Омбыдағы бір топ қазақ белсенділері ана тілде газет шығару керек-деген идеяларын жүзеге асырады. Алғашқы атауын «Атамекен»-деп материалдық шығынын сол кездегі студенттер стипендияларына басып шығарады. Бірақ қаржы тапшылығына байланысты жоба көп ұзамай тоқтап қалды. Тіл жанашырлары ақша тауып, демеушілік жасайды. Газеттің атауын "Омбы Қазақтары» деп ауыстырады.
Торғын Аженова, «Омбы қазақтары» газетінің бас редакторы:
- Содан кейін әкімшілікке барып, грант ұтып алдық. Содан кейін газетіміз ай сайын шыға бастады. Шыққанан кейін біз подписка арқылы аудандарға шықтық. Бүгінгі күнді алсақ, 21 ауданда біздің газетіміз шығады, 21 ауданда біздің оқырмандарымыз бар.
Асқар Умматұлы, журналист:
- Өзіміздің тілімізді, мәдениетімізді дамыту үшін, балаларға үйрету үшін, ертең олар өскенде қазақ тілінде сөйлегендей, тарихын білгендей, сол себептен еңбектеп жүрміз. Шағын коллектив, бірақ әр ауданда өзіміздің адмдарымыз бар, жанашырларымыз деген сияқты.
Редакцияда қазір 11 адам тегін жұмыс істейді. Мақсаттары қазақ тілін қандастар арасында кеңінен насихаттап, халықтың басын біріктіру.
Рустам Герасимчук, өңірлік Саясат және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің сектор меңгерушісі:
- Осыдан бір жыл бұрын «Омбы қазақтары» газетінің мерекелік 50-саны жарық көрді. Бұл-үлкен белес. Мерзімді басылым өңірдегі қазақтардың айнасы. Омбыдағы ақпарат құралдарының ішінде өзіндік орны бар. Сондықтан біз газетке әрқашан қолдау көрсетуге дайынбыз.
Осыған дейін 2000 тиражбен шығып келген басылым межені 4000 данаға жеткізбек. Сондай-ақ қазақ газетін тек Омбы өңірінде емес, Ресей аумағына тарату жоспарда бар.
Авторлары: Дана Нұржан, Шахзод Гамиров
