loader


Ақмола облысында мұз жару жұмыстары басталды

Ақмола облысындағы жиырмаға жуық өзенде мұз жару жұмыстары жүргізілді.

Әсіресе, мамандар Сілеті мен Шағаладағы су қорынан қауіптеніп отыр. Ал Атбасардағы атышулы Жабай өзенінде жағдай қалыпты. Қазір облыс бойынша 2 мыңнан астам құтқарушы мен 1 мыңнан аса техника дайын тұр. Су басу қаупі бар аймақтардан 869 мың текше метр қар шығарылған. Синоптиктер күннің күр жылынғанын айтып, дабыл қағып жатыр. Сол себепті, тасқынның алдын алу шараларын күшейту қажет.

Бақыт Мақажанова, "Қазгидромет" РМК филиалының директоры:

- Ауа температурасының күрт көтерілуіне және жауын-шашынға байланысты аймақта тасқын қаупі бар. Біздің болжам бойынша, су деңгейі осы айдың үшінші тоқсанында көтерілуі мүмкін. Қатер сәуір айының басына дейін жалғасады. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз.

Сондай-ақ...