Ақтөбеде волонтерлер жалғызбасты қарияларға қол ұшын берді.
Үйінің ауласына жиналған қарды шығарды. Себебі күн жылынған кезде қар суы үйге кіруі мүмкін. Қалалық ресурстық орталық жанынан құрылған еріктілер тобы 17 жеке үйдің маңын тазартуды міндетіне алған. Жалпы шаһарда мұндай көмекке мұқтаж жүзден астам адам бар. Колледж және жоғары оқу орнындарының студенттері топ-топқа бөлініп, барлығын қамтуды көздеп отыр.
Нұрсұлтан Қожабеков, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі:
- Әкімдік тарапынан берілді бекітіліп үйлер. Сол үйлерге барып жастар қолкөмектерін ұйымдастырып жүр. Көктемгі су тасқынын алдын алу мақсаты ғой қазіргі таңда. Тек қана қармен шектеліп жатқан жоқпыз. Ауладағы барлық мұзды ойып, оны тиісті коммуналдық мекемелер алып кетуге ыңғайлы жерлерге көшіріп тастап жатырмыз.
