Астанада журналистика майталмандарын еске алу турнирі өтті

Ал Астанада БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан ашық турнир өтті.

Игі шараның мақсаты, қазақ журналистикасының майталмандарын еске алу. Екі жыл қатарынан ұйымдастырылған бастама, енді дәстүрге айналмақ.

Нұртілеу Иманғалиұлы, Бейсен Құранбек, Амангелді Сейітхан. Бүгінде бұл есімдерді білмейтін қазақ жоқ шығар.  Бірі "Бай, қуатты болайық!" деп елінің қамын ойласа, енді бірі «жеңісті күндерде жолыққанша» деп көк тудың көкте желбіреуіне тілектес болды. Әрқайсысының қазақ журналистикасында алатын орны бір төбе. Хабар агенттігінде талай жыл қызмет атқарып, көптеген шәкірт тәрбиелеген Амангелді Сейітханның ұлы да болашақта әке жолын жалғастырамын дейді.

Бегасыл Сейітханов, Амангелді Сейітханның ұлы:

- Менің әкем өзі футболды жақсы көрді. Осы футбол саласында өзінің мықты екенін көрсетті. Шүкір, қазір сол еңбектері бағаланып жатыр. Осындай турнирлер болашақта болса дейміз.

Аталмыш шара отандық БАҚ өкілдері арасында осымен екінші рет ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушылар жүлдеден құр алақан қалған жоқ. Шараның мақсаты қазақ журналистикасының тарланына айналған ардагер ағаларымызды еске алу. Игі бастама енді дәстүрге айналмақ.

Марат Нәбиев, қоғам қайраткері:

- Менің әкем журналист болған. Сондықтан маған журналистикамен,ақпаратпен айналыстын  адамдар өте жақын. Біз мынау тірі күнінде көп адамдарды сыйламаймыз, ойлаймыз күнде өмірін сүре береді деп. Шынына келгенде тірі күнінде біздің арамыздағы ең мықты азаматтарды сыйлап,үлкен дәрежеге жеткізіп, қолдан келгенше қолдауымыз керек.

Дидархан Әлмұрат, ұйымдастырушы:                  

- Бүгін міне БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан ашық турнир ұйымдастырып жатырмыз. Жалпы додаға келетін болсақ, додаға 8 команда қатысуда. Бұлар Жетісу облысынан Қарекет командасы, Экспресс К, Қазконтент, МонкиМедикакз және Қазмедиа орталығы екі бірдей команда әкеліп отыр.

Сайыс қорытындысы бойынша Қазмедиа командасы жүлделі бірінші орынды қанжығалады. Ал арнамыздың белді журналисі Қанат Базылхан үздік қақпашы атанды.

Авторлары: Ерлан Шаншархан, Диас Ковланбаев