Ақтөбе облысында 63 Өзбекстан азаматы құтқарылды. Жолаушылар мінген автобус бұзылып жолда қалған.
Оқиға Қарабұтақ-Қостанай тас жолында болды. Шақырту орнына құтқарушылар мен техника жіберіліп адамдар эвакуацияланды. Олардың барлығы Әйтеке би аудандық мектебіне орналастырылды.
