loader


Шығыс Қазақстан облысында қарғын судан қауіп басым

Шығыс Қазақстан облысында қарғын судан қауіп басым. Қазір өңірде дайындық жүріп жатыр.

Қауіп бар деген бірнеше ауданда, әуеден барлау жүргізілді. Тексеру кезінде қардың, қарқынды еріп жатқаны белгілі болды. Мәселен Күршім, Самара және Ұлан ауданындарында ақ ұлпаның тең жартысы еріп кеткен. Сонымен қатар Алтайдағы Бұқтырма өзеніндегі мұз жару жұмыстары тексерілді. Енді облыста күш-құралдар топтастырылып әзірлік күшейтілген режимге көшті. Тасқыннан қауіп төнген жағдайда 1700-ден астам адам, 756 бірлік техника, жүзуге арналған жабдықтар мен 200-ден астам мотопомпа дайын тұр.

Арман Тоқанов, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

- Зерделеу жұмыстары жүргізілді. Тоғандар мен өзендер арнасынан тасымаған.   Ірі деген Бұқтырма, Үлбі және бойындағы су қоймалары әлі мұз боп қатып тұр. Ал Қалжыр өзені енді-енді ери бастапты. Тексерілген гидротехникалық нысандардың да жағдайы қалыпты. Сыйымдылығына қарай шамамен 30-60 пайызға су толған. Облыстың барлық таулы аумақтарында қар жамылғысы сақталған. 

Әуеден барлау жұмыстары Батыс Қазақстан облысында да  жүргізілді. Мамандар тікұшақпен Деркөл, Шаған, Шежін-2 өзендері мен айдындардың  қазіргі күйін зерделеді. Әсіресе өзенге жақын орналасқан елді-мекендердің төңірегі ерекше бақылауға алынған. Апаттың алдын-алу үшін Орал қаласы мен бірнеше ауданда қар шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тәулігіне 319 мың текше метр қар тазартылды.

Сондай-ақ...