loader


БҚО мен Ақтөбе өңірінде жолдарды су басу қаупі сейілді

Батыс Қазақстан мен Ақтөбе өңірінде республикалық маңызы бар үш жолды су басу қаупі сейілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өткен түнде ҚазАвтоЖол мамандары 7 учаскеде қарғын судан келер қатерді жойған. Су сорылып, жол жиегі инертті материалмен нығайтылды.  Қызыл сумен күреске 50 маман мен 20 техника жұмылдырылды. Көлік қатынасы үзілмес үшін қауіпті аумақ тәулік бойы бақыланады.

Жалпы, республикалық маңызы бар өзге автожолдар ашық, су басқан учаскелер тіркелген жоқ.

Сондай-ақ...