loader


БҚО Бөрлі ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды

Батыс Қазақстан облысында су тасқыны қаупі сейілмей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бөрлі ауданында төтенше жағдай режимі жарияланды. Өйткені елді мекендерде ахуал күрделеніп барады. Деркөл, Шаған және Шежін өзендерінің су деңгейі қауіпті деңгейден асып кеткен. Орал қаласында да жағдай мәз емес. 8 тұрғын үйді су шайды.

Сонымен қатар медициналық колледж жатақханасын да су басып, студенттер эвакуацияланды. Тасқынға қарсы шараларға барлық күштік құрылым жұмылдырылды. Тиісті жұмыстары тәулік бойы жалғасып жатыр.

Сондай-ақ...