loader


Атырау облысында су тасқынын болдырмау үшін жолды жырды

Миялы ауылы да сақ отыр.

Бұл Атырау облысы Қызылқоға ауданының орталығы. Бірер күн бұрын Ойыл өзеніндегі су күрт көтеріліп, 2 мыңнан астам тұрғыны бар елдімекенге қауіп төндірген. Сөйтіп, 11 наурыз күні түнде Миялы мен Жангелдин ауылдары арасындағы асфальт жолдың бір бөлігін жыруға тура келді. Сондай-ақ, барлық қауіпті учаске күні түні бақылауға алынды. Ойылдағы су деңгейі кеше 2 жарым метр шамасында тоқтады. Бірақ Жасқайрат, Жангелдин секілді 5 ауылдың тұрғындары жол жабылып, ауданға қатынай алмай отыр.

Ерболат Иғалиев, Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары:

- Қазіргі уақытта қауіп сейілді. Барлық тиісті жұмыстар жасалып жатыр. Қазіргі таңда екі ортаға мердігер арқылы айналма жол салынып жатыр. Айналма жолды 2-3 күнде бітіру жоспарланып отыр. Қазір Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігімен әкімдігімен хабарласып отырмыз. Бұл әзірге қардың суы оның артында сәуір айында тасқын су келеді деген жоспар бар.

Сондай-ақ...