Шымкентте жеміс ағаштары гүлдеді

Әсіресе өрік ағашы жайқалып, айналаға әр беріп тұр.

Қазір елдің оңтүстігіндегі ауа температурасы +20 градус шамасында. Ал түнде сынап бағаны +4 градус жылылықты көрсетіп тұр. Бағбандар ендігі кезекте алма, шие ағаштары гүлдейтінін айтады. Алайда шаруалар ерте бүр жарған жеміс ағаштары үшін алаңдаулы. Себебі былтыр наурыз айында мезгілсіз жауған қардың салдарынан барлық егіс алқабы үсікке ұрынып, жеміссіз қалған еді. Ал дендрологиялық саябақтың ғылыми қызметкерлері уайымдауға еш негіз жоқ дейді.

Бибіжамал Мәлік, дендрологиялық саябақтың ғылыми қызметкері:

- Дендросаябақта жеміс ағаштарынан алманың оннан астам түрін кездестіруге болады. Шабдалы, өрік ағаштары да бар. Қазіргі таңда жеміс ағаштарының ішінде өрік гүлдеп тұр. Жалпы биылғы жылы ауа-райы тұрақты болып, қалыпты жағдайда гүлдеді. Сол үшін де жемістері де жақсы болады деп күтілуде.

Сондай-ақ...