loader


«Алматы жылу желілері» ЖШС бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сот үкім шығарды

«Алматы жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты сот үкім шығарды.

Компанияның пара алғаны үш лауазымды қызметкері қомақты көлемде айыппұл төлейді.  Сондай-ақ, пара бергені үшін «СпецКоммунСтрой» компаниясының директоры Разимбековке де айыппұл төлеу түріндегі жаза тағайындалды. Жалпы істі болған төрт азамат 2 миллиард теңгеден астам айыппұл төлеуге тиіс. Айта кетейік, «Алматы жылу желілерінің» бас директоры қаңтарда тұтқындылған болатын. Компания басшылығы келісімшарт бойынша орындалған жұмыс актілеріне кедергісіз қол қою үшін «СпецКоммунСтрой» компаниясының директоры Разимбековтен 16 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Нұрбол Құрманбай, қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аға тергеушісі:

-Аталған қылмыстық іс бойынша соттың үкіміне сәйкес, Алматы жылу жүйелері жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің лауазымды тұлғалары, атап айтқанда бас директоры Бисембинов, сонымен қатар, бас инженері Қазымбетов және басқарма бастығы Джингильбаев, айыпты болып танылып, оларға қатысты 560 миллион теңге айыппұл ретінде жаза тағайындалды. Спецкоммунстрой ЖШС директоры Разимбеков пара дерегі бойынша айыпты болып танылып, оған қатысты 460 миллион теңге көлемінде айыппұл ретінде жаза тағайындалды.