Елімізде медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау дерегі артты.
Сарапшылардың айтуынша, былтыр 223 – заң бұзушылық тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 6 процентке көп. Қылмыстық құқық бұзушылықтардың дені Алматыда жасалады: 26 жағдай. Астанада - 21, Алматы облысында 20 жағдай тіркелген. Құқық бұзушылықтар медицина қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін орындамауына байланысты болып отыр. Тағы 6 жағдай - заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызметте тіркелген.
