loader


Бауыржан Омарбеков: Ауылдарда кеңестер құру қажет

Ауылдарда кеңестер құру қажет. Ол жергілікті өзін өзі басқару органы қызметін атқарады.

Кеңестер азаматтардың ашық дауыс беруі арқылы 4 жылға құрылады және бірқатар өкілеттіктерге ие болады. Соның ішінде бюджетті басқару және жергілікті маңызы бар мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді бекітеді. Мұндай ұсынысты Орталық коммуникациялар қызметіне келіп, брифинг өткізген Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты. Осындай ұйымды кенттер, ауылдық округтер мен аудандық маңызы бар қалаларда құру жоспарда бар екен.

Еске салайық, Қазақстанда 6 мыңнан астам ауыл бар. Онда 7,5 миллион адам тұрады. Бұл халықтың 38 проценті. 

Бауыржан Омарбеков, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

- Кеңес қызметін әкім апараты қамтамасыз ететін болады. Яғни кеңестің өзінің жеке дара аппараты болмайды деп күтілуде. Сонымен қатар кеңес төрағасы мен кеңес мүшелерінің арасынан ашық дауыс беру арқылы сайлану және осы лауазымды тұрақты бір азамат атқарып отырадлы деп күтілуде. Бұл жер жергілікті жерлердегі жұмыс жасап отырған қоғамдық кеңестермен шатастырмау керек.  қоғамдық кеңестің жұмысы бір басқа, ал ұсынылып отырған  кеңес бюджет бекіту деген сынды басқа қызметтерді атқарады.

Сондай-ақ...