loader


Солтүстікте мемқызметкерлер жұмысқа ұлттық қиіммен келуді бастады

Солтүстік Қазақстан облысында мемлекеттік қызметшілер жұмысқа ұлттық киім кие бастады.

Ұлыстың ұлы күні – әз наурыз мерекесіне орай өңірде арнайы челлендж ұйымдастарылды. Тың бастаманы әкімдіктегілерден бөлек, басқарма тіпті аудандардағы түрлі бөлім мамандары да қолдай кеткен. Яғни олар классикалық форманы,  қазақы нақыштағы үлгіге алмастырып отыр. Қыз-келіншектер қамзол, бешпент кисе, ер азаматтар кастюмдерін шапанға ауыстырды. Аталған ацияға өзге ұлт өкілдері де үн қосты. Осылайша олар солтүстік қазақстан қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңір екенін тағы бір мәрте паш етті.

Сейілхан Серікбаев, СҚО әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі:

- Солтүстік Қазақстан облысының әкімшілігінің аппараты, аудан әкімшіліктері, ауылдық округтердегі  әкімшіліктерде барлық жерде осы күні бүгін арнайы бір жұма челлендж бастап, ұлттық киімдерді киіп ұлттық дәстүрлерімізді жаңаша құлпыртып сондай шара жасап жатырмыз. Мемлекеттік қызметшілерге ұлттық нақыштағы киімді киюге ешқандай шектеулер жоқ. Қайта бұл салт-дәстүріміздің жалғасы болып есептеледі.

Сондай-ақ...