Алатаудың баурайындағы ағайын да көптен көріспеген туыстармен қауышып, ауылдастармен арқа-жарқа болды.
Әдетте еліміздің батыс аймағында тойланатын амал мерекесінің маңыздылығын жетісулықтар да жыл өткен сайын сезініп, кейінгі ұрпаққа тәлімін түсіндіріп келеді. Мерекелік шараға қатысқан Алмас Сәдуақастың материалына зер салайық.
Нұра ауылының жастары қазақы әндерді әуелетіп, үлкендерді өнерімен тәнті етті. Амал күніне жиналған әжелер мен ақсақалдардың көңілі шат. Шалғайдағы ауылдардан келген қариялар, былтырдан бері көріспегенін айтып, хал жағдай сұрасты. Олар оқушылардың қолынан шыққан бұйымдар көремсіне қатысып, ісмер қыздардың шеберлігін көрді. Киіз үйде ақындар айтысы болды. Жалпы Талғар аудынында жеті халықтық ұжым бар. Амал күнін «Әжелер шуағы», «Айгүл» ұжымдарымен бірге құрылғанына 55 жыл толған «Алатау» ән-би ансамбілі бірге қарсы алды. Ұжым мүшелері халық арасында қазақтың салт-дәстүрін ұмыт қалдырмай, жаңаша жандандырып жатыр.
- Ауылың сенің іргелі, шай көйлегің бүрмелі, айтарыңды айтып қал, отырмыз ғой жүргелі.
Берік Шағаев, Талғар аудандық мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі:
- Бұл енді халық әндері. Жалпы наурызды жыл басы дейді қазақтар. Сонау үш ай қыстан кейін бүкіл өзінің ата бабасының қонысында орналасқан баяғы қыстауын аралап, көрісу күні деп атап жатады. Бұрын батыста көп тойланатын. Біз бесінші жыл Талғар ауданында осы көрісу күнін атап өтіп жатырмыз.
Ал Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есік қаласында көрісу күніне орай мерекелік іс шара өткізілді. Оған бауарлас ұлттар мен түрлі диаспора өкілдері де келді. Бұл жақсы амалдар мен игі істердің бастауы. Ұлыстың ұлы күні баршы халыққа ортақ» дейді ауыл азаматтары.
Семейхан Дәріпханұлы, Нұра ауылдық мәдениет үйінің директоры:
- Көбіне Жетісу халқы көп тойламайды деп жатады. Бірақ бізге келгелі бес алты жыл болып қалды. Біз осы жерде жалпы ауыл-ауыл болып, аудан-ауданда мәдениет үйінде жылда осылай тойлатамыз.
Жандану мен жаңарудың, бірлік пен татулықты, ең бастысы бауырмалдықтың белгісі болған бұл күн аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.
Алмас Садуақас, Аят Дүйсембаев
