Қобда ауылында су басқан үйлерді полиция күзетеді

Қобда ауылында су басқан үйлерді полиция күзетеді.

Дүние мүлік қолды болып кетпес үшін осындай жасақ құрылған. Мұнда 51 үй мен дәмхана, спорт кешені мен мектеп ауласын су басқан. Халық аудандық аурухана ғимаратындағы эвакуациялау пунктіне көшірілді. Құтқарушылар әлі де су жағалауын бекітіп жатыр. 

Құмар Тұрмағамбетов, облыстық ТЖД басқарма басшысы:

Қобданың өзінде 128-ден астам адам, 34 бірлік техника, 9 су айдау техникасы және 4 қайық басында тұр. Қазіргі ең маңызды істеп жатқан жұмыстар ол жаңағы инерттік материалдармен, қаптармен шеткі үйлерді нығайту, қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр.