ШҚО-да қой шешегінің таралуы азайды

Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданында «қой шешегінің» таралуына байланысты 3 аптаға карантин жарияланды.

Естеріңізге салсақ, бұл кесел Аққайнар, Шыңғыстай, Жаңа үлгі атты үш ауылдан шыққан болатын. Алдын ала болжамға сәйкес жұқпалы ауру өзге облыстан келген. Яғни не шөп арқылы, не топырақ арқылы тасымалдануы мүмкін. Өлкеде қой шешегі негізінен соңғы рет осыдан 50 жыл бұрын тіркелген. Қазір ауру мал басы анықталған шаруашылықтарда екпе жұмыстары басталды. Жалпы, 6 мың бас мал егіледі. Арнайы қызмет залалсыздандыру шарасына кірісті.

Мэлс Қайнолдаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының  бөлім басшысы:

- Қазіргі таңда жаңа ауырған малдар жоқ. Бұрынғы ауырған малдар жазылу үстінде. Қиын кезеңі аурудың өтті. Қазіргі таңда сол жерде республикалық эпизодиялық іс шара бөлім отряды жұмыс істеп жатыр.