Жетісу облысында көктемгі құс ату маусымы 25 наурыздан бастап ашылады.
Еліміздің Экология және табиғи ресурстар министрлігі бұл өңірдегі аң-құс атуға бөлінген лимитті 13 наурызда бекітті. 10 күннен кейін заңды күшіне енеді. Жетісу облысына бөлінген жылдық лимит - 30 мың аталық үйрек. Соның 5 пайызы, яғни, 1,5 мың басы көктемгі құс ату маусымына арналған. Сөйтіп, жетісулық аңшылар үйрек атуға тек Наурыз мейрамынан кейін ғана шыға алады. Қазір үйрек заңсыз атылса шамамен 43 мың теңге айыппұл салынады.
Роман Коршунов, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы:
- Заңсыз құс ату дерегінің алдын алу үшін осылай рейдтік шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Қаз-үйрек келе бастағанымен, аңшылық маусымы әлі ашылған жоқ. Сондықтан аңшыларды құс атуға шықпауға және қолданыстағы заң талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз.
