Үкіметке тиесілі 487 функция орталық мемлекеттік органдарға беріледі

Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы Бауыржан Омарбеков Сенатта тиісті заң жобасын таныстырды.

Бұл өкілеттіктердің басым бөлігі әлеумет, жастар саясаты, мәдениет, спорт және ауыл шаруашылығы салаларына бағытталған. Жергілікті әкімдіктерге 24 функцияны беру көзделген. Бюрократиядан арылу мақсатында да бірқатар қадам жасалмақ.

Бауыржан Омарбеков, ҚР Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы:

- Президенттің бюрократиядан арылту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында заң деңгейіндегі 242 функция алынып тасталынып, мемлекеттік органдардың ережелерінде белгіленетін болады. Бұл ретте қайталынатын және құқықтық жүктемесi жоқ Үкіметтің 132 функциясы, Парламенттің 3 функциясы алып тасталады. Мысалы, мемлекеттік органдардың халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептерін бекіту жөніндегі функциялар сияқты.