loader


БҚО-да су басқан 73 үй толық тазартылды

Батыс Қазақстан облысында су басқан 73 үй толық тазартылды. Эвакуацияланған 100-ден астам адам баспанасына оралған.

Облыс әкімдігі өкілінің айтуынша, Сырым, Қаратөбе, Тасқала аудандарында қауіп сейіле бастады. Ал Бөрлі, Бәйтерек, Қазталов аудандары мен Орал қаласындағы ахуал әлі күрделі. Трансшекаралық өзендердің жағдайы алаңдатып отыр. Шаған өзенінің су деңгейі қалыпты шарықтау шегіне жетіп үлгерген. Жайық өзені де көп ұзамай арнасына толып, бұрынғы жайылмаларына құйылуы мүмкін. Мамандардың болжамы осындай. «Егер мұндай жағдай болса, бірінші кезекте саяжайларға қауіп төнеді» дейді олар.

Ержан Балтаев, БҚО әкімінің бірінші орынбасары:

- Жайық өзені бойынша осы наурыз айының соңында, я болмаса апрель айының басында жоғары деңгейді күтіп отырмыз. Эксперттердің болжамына сәйкес, биылғы жылы 700-800 см арасындағы деңгейде су келетін болып отыр. Өзен арналарынан шығып, поймалық жерлерге, өзінің бұрынғы арналарына құйылуы мүмкін. Өздеріңіз көргендей, Маштаков елді мекенінде сондай құбылыс болды. Көптеген жерлерде арнайы дачалар салынған болатын. Оларға жыл он екі ай тұратын үй болмағандықтан поймалық жерлерге үй салуға рұқсат берілген. Су көтерілген жағдайда ол дачалық елді мекендерге су бару қаупі бар.

Ернұр Өтегенов, БҚО ТЖД бастығы:

- Деркөл және Шаған өзендері бойынша 11 мониторингтік топ жұмыс жасайды. Бір аптаның ішінде облысымыздағы 60 пайыз қары еру деген бұл салдардың бірі болып есептеледі. Жалпақтал, Қараөзен елді мекендерінде қапшықтар салып, алдағы бүкіл қақпалар ашылып, сондай жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ...