Бірқатар өңірге қарғын су қатер төндіріп тұр. Әсіресе Ақтөбе облысындағы жағдай күрделі.
Сырдария өзенінің бойындағы елді мекендер мен солтүстік аймақтар да қар суынан жапа шегуі әбден мүмкін. Мұны мамандар ғарыштан түсірілген суреттерге сүйеніп, айтып отыр. Қарғын су қаупін Ұлттық ғарыш орталығы бақылауға алған. Мұнда күніне екі рет мониторинг жүргізіледі. Осылайша, өңірлердегі қар көлемі анықталады.
Қазақстанды көктен екі ғарыш жүйесі бақылайды. KazEOSat-1 және KazEOSat-2 аппараты жерді аспаннан суретке түсіріп, өңдей алады. Кейін мамандар соған қарап, қай жерде қауіп басым екенін анықтайды. Ғарыш жүйесі әлемнің кез келген елін қарауға кабілетті.
Дегенмен, қазір аппараттар қарғын су қаупі бар аймақтарды ғана кірпік қақпай бақылап отыр. Себебі, көктен келген кескіндер қазіргі ахуалды айнақатесіз сипаттап береді.
Ерлан Қазтуғанов, жетекші инженер:
- KazEOSat-1 жайлы айтатын болсақ, күніне біз оны 6-7 рет көреміз. Сеанс болады бізде. Күндіз 3-4 рет, түнде 3-4 рет. Әрине діл ақпарат болады ол. Қазіргі жерде қандай өзгерістер болып жатыр. Соның бәрі ақөпарат берілген бойда түсіріледі. Бізге план түседі министерствадан осы жер бізге керек деген. Біздің жұмыскерлер соны ғарыш аппаратының планына жүктейді. Біз оны күн сайын апаратқа жүктейміз сол план бойынша ол жұмыс істейді.
Бұл ғарыш аппараттарымен жерді бақылайтын орталық. Мұнда қарғынсу мен өрттен қауіп төнгенде жұмыс қызады. Қазір олар қай жерде қар еріп жатқанын бақылап отыр. Мамандар оңтүстіктегі өңірлерде жағдай тұрақталып келеді дейді.
Сырдария өзенінің бойында әлі де қауіп толық сейілмеді. Алайда Батыс және Солтүстік Қазақстандағы жағдай одан да күрделі. Бұл өңірлерде қар көлемі шамадас тыс көп.
Гүлдана Қасымбаева, ТЖ мониторингі бөлімінің басшысы:
- Мұнда жер асты сулары және төмен жатқан учаскелерге қауіп төніп тұр. Және Батыс Қазақстан облысы мен Ақтөбе облысындағы шекараларға қауіп төніп тұр. Солтүстік региондарда қар кете қойған жоқ. Яғни, ауа температурасының көтерілгеніне байланысты ол жерде де қауіп төнуі мүмкін. Оларды да қарайтын боламыз. Келесі апталарда. одан кейін де апрель сәуір айларында қарайтын боламыз.
Жерді ғарыштан бақылау үздіксіз жалғасады. Ал қар көшкіні мен су тасқынына байланысты мониторинг мамыр айында аяқталады. Сондай-ақ, сәуір мен қараша айының аралығында өрт тұтануы мүмкін аймақтарды зерделенеді. Бұл кезеңде тиісті ведомстваға ғарыштан келген ақпарат күніне 8 рет жіберіледі.
Авторлары: Бекзат Аманов, Артур Горшняков
