loader


Елде емханаларға ақпараттық жүйелерді таңдауда еркіндік беріледі

Медициналық мекемелерге ақпараттық жүйені таңдауда еркіндік беріледі.

Бұл туралы Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мәлім болды. Жиында медициналық ақпараттық қызметтер нарығындағы монополия мәселесі талқыланды. Қазір елдегі емханалардың таңдауы шектеулі, өйткені жеке компаниялар оларға жинақталған мәліметтер базасын бермейді. Бұл ауруханаларды нақты бір компаниямен ғана келісімшарт жасауға мәжбүрлейді. Сол үшін енді медициналық ұйымдарға ақпараттық жүйелерді жеткізушілерді таңдауда барынша еркіндік берілд. Сондай-ақ, шарада eHealth мемлекеттік платформасын құру бойынша жұмыс жалғасып жатқаны айтылды. Осылайша, елде науқастар жайлы бірыңғай дерекқор қалыптастыру жоспарлап отыр.

Сондай-ақ...