Төтенше жағдайлар министрі Ақтөбе облысына барды

Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, су тасқынының салдарын жою бойынша жұмыстарды бақылау және үйлестіру үшін Ақтөбе облысына аттанды.

Өңірде қардың қарқынды еруі салдарынан Қобда және Ойыл аудандарының елді мекендерін су басқан болатын. Құтқарушылар мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен 400-ден астам адам эвакуацияланды. Қазір эвакуацияланған 140 адам өз үйлеріне оралды, 70-тен астам адам уақытша эвакуациялау пунктінде, 240-тан астам тұрғын туыстарының үйлерінде. 4 мыңнан астам ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіз жерге шығарылды. Өңірдегі су тасқыны салдарын жоюға 900-ге жуық адам, 650 техника жұмылдырылды.