Шымкентте шыбын-шіркей мен масаға қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.
Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының өкілдері шаһардың бес миллион шаршы метрге жуық аумағы дезинфекциялық тазалаудан өтетінін мәлімдеді. Залалсыздандыру жұмыстары өзен-каналдар мен саябақтар, гүлзарлар аумағына бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Ал жертөлелер мен тұрғын үй аулаларын пәтер иелері кооперативтері қадағалайды. Биыл бұл жұмыстар кезең-кезеңімен төрт рет жүргізілетін болады.
Талғат Мекенбаев, қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:
- Сәуір айында қорғау барерлері болады, тұқымдары болады соларды алдын-алу үшін басында жасаймыз. Бұл көбінесе түнгі уақыттарда жүргізіледі. Сонымен қатар маусым, шілде және тамыз айларында төрт кезеңге бөліп жасау күтілуде.
