Астанада Ұлыбритания патшайымы ІІ Елизаветаның құрметіне сквер ашылды.
Салтанатты шараға Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Джеймс Клеверли мен Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко қатысты. Елорда гүлзарларының біріне мәртебелі патшайымның есімін беру туралы шешімді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі қабылдаған еді. Айта кетейін, Ұлыбритания патшайымы II Елизавета былтыр 96 жасында көз жұмды.
