Астанада сайлау учаскесінде құсбегілер дауыс берді

Елордада саяси науқан ерекше көңіл-күйде өтіп жатыр.

Қаладағы белгілі тұлғалар сайлауға белсене қатысса, тұрғындар түрлі образбен келіп, дауыс беруде. Сайлау учаскелерінен құсбегілерді де байқауға болады.

Күннің көзі сынық сүйем көтерілгеннен-ақ, сайлау учаскелеріндегі қыз-қыз тірлік қайнай бастады. Әсіресе елге белгілі тұлғалардың белсенділігі жоғары. Олар бүгінгі таңдау – ертеңгі болашақ үшін жасалады дейді.

Әділ Ахметов, "Жастар" театрының директоры:

- Бұл сайлаудың ерекшелігі, көптеген азаматтар өз-өзін ұсынды. Бәсекелестік жоғары болды. Дауыс беруші біздерге де таңдауға мүмкіндік болды. Өйткені көптеген ерім-жерім деген, халықтың замын ойлайтын азаматтар додаға түсіп жатыр.

Тағдыршешті таңдау жасауға қарапайым тұрғындар да қатысуда. Саяси науқанға ерекше көңіл күй сыйлап, түрлі образда дауыс беруге келгендер бар. Соның бірі құсбегілер. Олар учаскеге тірі қаршығаны әкеліп, халықаралық байқаушыларды аң-таң қылды. 

Базарбек Күнтуғанұлы, Құсбегіліктен Қазақстанның аға жаттықтырушысы:

- Бәрі таңқалып жатыр, бұрын-соңды болмаған жағдай деп ойлаймыз. Қазақстандағы әр сала өздерін насихаттап жатса, біз өзіміздің құсбегілігімізді насихаттай келдік. Құсбегілер өз таңдауымызды жасадық десек болады. 

Талап-тілегіне таңдау арқылы жеткісі келетіндердің қарасы қалың. Жастар да белсенді. Соның бірі, 18 жастағы Рафа Бердалы. Ол бүгін өзінің алғашқы сайлауында дауыс берді.

Рафа Бердалы, қала тұрғыны:

- Бұл мен үшін маңызды қадам. Өзімнің және елімнің болашағын таңдадым. Мен саяси науқанға алғаш рет келіп тұрмын. Сайлау учаскесіне келген адамдардың саны көп болды. Бұл тұрғындар өз құқығын білетінін, жауапкершілікпен қайратынын көрсетеді. Барлығы оңай әрі түсінікті болды.

Сайлау учаскесінде жұрт саябырсыған жоқ. Әліге дейін бюллеттень толтырып, таңдау жасап жатқан тұрғын көп.

Бекзат Аманов