Қазақ радиосы Наурыз мейрамына арналған халықаралық радиокөпір өткізіп жатыр

Орталық Азия халықтарының әні мен күйі Қазақ радиосында әуеледі. Ғасырдан аса тарихы бар төл радиомыз биылғы Наурыз мейрамын ауқымды радиокөпірмен атап өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

20 наурыз күні 10 сағатқа созылатын тікелей эфир барысында Түркия, Иран, Әзербайжан, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан мен Башқұртстан елдерінің өкілдері сөз сөйлеп жатыр. Әр тарап ұлттық өнерінің жауһарларын ұсынып, өзара салиқалы сұхбат құрып жатыр. Осылайша, 8 мемлекеттің радиотолқындары Қазақ Радиосының эфирінде бірігіп, мәдени байланысын нығайтты.

Сондай-ақ, радиокөпір барысында Моңғолиядағы Қазақ радио станциясында қызмет істейтін қандастар үшін арнайы тарту жасалды. Еліміздің белсенді азаматтары Моңғолиядағы Қазақ радиосына материалдық-техникалық қолдау көрсететіндерін жеткізді. 

Ернұр Бурахан, «Қазақ Радиолары» ЖШС Бас директоры:

- Біз осы Наурызды тойлайтын иран-тұран халықтарының мәдени ерекшеліктері, ұлттық тағамдары, музыкасы, өнері, тарихы жайлы әңгіме қозғаймыз. Мысалы, біз Наурыз көженің дайындалу әдісін айтып жатсақ, өзбек әріптестеріміз сүмәләктің қалай дайындалатынын айтады деген сияқты. Моңғолияда біздің қазақтың өнерін, әні мен күйін, танымын, болмысын насихаттап жүрген біздің әріптес бауырларымызға Қазақ Радиосы өзіміздің тарапымыздан контент жағынан көмектесуді жөн көріп отырмыз

Сондай-ақ...