Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді

Бас мүфти әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын 10%-ке төмендетуге шақырды.

Бірер күннен кейін, яғни 23 наурызда Рамазан айы басталады. Биылғы пітір садақасы жан басына 535 теңге болып бекітілді. Оның мөлшері еліміз бойынша 2 келі ұнның ортақ бағасы негізінде белгіленді, - деді Наурызбай қажы Тағанұлы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде. Ол Рамазан айындағы  халықты қайырымды істерге белсенді атсалысуға шақырды. Әсіресе кәсіпкер азаматтарға арнайы үндеу тастады.