Сайлаудың алдын ала қорытындысы жарияланды

Орталық сайлау комиссиясы дауыс бердің алдын ала қорытындысын жариялады.

Сайлау учаскелерінен келген нәтижелер бойынша мәжіліске 6 партия өтті: "Amanat" партиясын сайлаушылардың 53,9 пайызы таңдады. Ал "Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы 10,9 пайыз. "Respublica" партиясына электораттың 8,59 пайызы сенім білдірсе, Қазақстан Халық партиясы - 6,8; "Байтақ" жасылдар партиясы - 2,3 пайызға ие болды. "Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы  - 8,41, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы - 5,20 пайыз дауыс алды. Бәріне қарсымын деген бағанды - 3,9 пайыз сайлаушы таңдады. Сондай-ақ, сайлауға мажоритарлы жүйемен қатысқан кандидаттардың да алдын ала нәтижелері белгілі болды. Толық ақпаратты орталық сайлау комиссиясының ресми сайтын көруге болады.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сайлау туралы заңның номарларына сәйкес, парламенттік сайлаудың қортындылары  ОСК отырысында сайлау өткізілгеен күннен бастап 10 күннен кешітірілмейтін мерзщімде белгіленеді. Және БАҚ-та жарияланады. Дауыс беру күні сайлау рәсімдерін байқауды 80 мыңнан аса ұлттық байқаушы жүзеге асырды. Оның ішінде атап айтсақ, кандидаттардың 38 мың сенім білдірген адамы, саяси партиялардан 19 мың 036 байқаушы. 252 акредиттелген қоғамдық бірлестіктердің 23 мың 383 байқаушы. Халықаралық ұйымдардың 793 байқаушысы қатысты.