Астанада «Наурыз» ұлттық сыйлығы табысталды

Астанада «Наурыз» ұлттық сыйлығы табысталды.

Осылайша үздік айтыскер, күйші, әнші, жыршы, зергер, шебер, үздік тоқыма шебері, үздік шабандоз, ат спорты шебері, үздік тоғызқұмалақшы, құсбегі және үздік атбегі анықталды. Бұл жылда ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылатын бәйге. Биылғы ұлттық сыйлықты елдің түкпір-түкпірінен келген 13 адам алды. Топ арасынан оқ бойы озық шыққан үздіктерді қазылар алқасы анықтады.

Бағдат Мүптекеқызы, этнограф, қазылар алқасының мүшесі:

- Баяғыда өзіміз қатысқанда 8-9 аталымның айналысында ғана өте шағын болып өткен. Ал қазір тоғызқұмалақ қазақтың ұлттық ойыны, мына бәйге жарысында үлкендер мен жас балаларды бөлек марапаттау биыл енгізіліп отыр.

Бұлбұл Кәпқызы, үздік тоқыма шебері:

- Мен жалпы қазақта түктікілем, тақыркілем, алаша тоқу өнері, киіз үйдің әбзелдері, қазақтың ұмытылып бара жатқан біз кесте өнерінінің барлығын дамытып жүрмін және ши тоқимын. Жалпы қазақтың ұмыт болып бара жатқан барлық өнерін алып жүрмін және үйретіп жатырмын. Бұл менің осы халқыма беріп жүрген өнерімнің, еңбегімнің бағасы. Сондықтан бұл мен үшін өте маңызды. Менің алып тұрған ең керемет сыйлығымның бірі.