Шымкентте көкпардан халықаралық турнир өтіп жатыр. LIVE

Дәл қазір Шымкентте көкпардан халықаралық турнир өтіп жатыр.

Серкені тақымға қысқан споршылар, күні кеше ашылған ипподромда нағыз мықтыны анықтауда.

Мерей Бает, тілші:

Қайырлы күн Астана. Иә шабандоздардың шабысы жақсы. Көрерменнің делебесі қозып, тартысты көкпар көріп отыр. Дүбірлі додаға Қырғызстан, Өзбекстан елдері мен Атырау, Жамбыл облыстарынан 6 команда қатысуда. Олардың қатарында Шымкент құрамасы да бар.

Әр командада 12 спортшыдан. Кеше басталған сайыста, Шымкенттік көкпаршылар Жамбылдықтарды 8:7 есебен жеңді. Ал Әулиаталық екінші құрама Атыраулық шабандоздардан басым түскен болатын. Ал бүгін жартылай финалдық кездесулер басталып кетті.  Шым қаланың командасы Қырғызстан көкпаршыларымен кездессе, Әулиеаталық спортшылар Өзбекстан құрамасына қарсы ойнап жатыр. Жеңгендері ертең финалда жолығады.

Данияр Мыңбаев, Ұлттық және ат спорты түрлерінен қалалық клубтың директоры:

- Жарысқа командалар өте жақсы дайындықпен келген. Шетел мемлекетінің қатысушылары бар және өзіміздің. Бізде сәуір айында Қазақстан чемпионаты бар көкпардан. Сондықтан кейбір командалар сол жаққа дайындалып жатыр. Кейбіреулер дайындықтарын осы жарыста дайындық деңгейін көрейін деп келді.

Мерей Бает, тілші:

Дүбірлі доданың жеңімпаз командасына 3 млн тг беріледі. Жалпы  жүлде қоры 6,5 млн теңгені құрап отыр. Жалпы жаңа ашылған ипподромда көкпармен қатар ұлттық спорт жарыстарының 9 түрі өтуде. Оған мыңнан астам спортшы қатысуда.