Жетісуда Абай ескерткіші ашылды

Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз мерекесіндегі басты тарту Жетісуда. 

Талдықорғандықтар хакім Абайға ескерткіш қойды. Тас мүсін Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры алаңына орнатылды. Биіктігі 9 метр. Тұғыры гранит пен мәрмәр тастан қашалып, мүсіні қоладан құйылған. Авторлары белгілі сәулетші Ақмырза Рүстембеков пен мүсінші Мейірлан Әзмағанбетов. Ескерткіштің жанында екі субұрқақ бар. 

БЛИЦ:

- Ұлы Абайдың ескерткіші ашылып отыр. Бұдан асқан қуаныш жоқ. Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы айтқан еді «Абай ол әлемдік деңгейдегі ұлы тұлға деп. Шын мәнінде солай!

- Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын! Жерімізде, елімізде тыныштық болсын! Наурыз құтты болсын!