Түркістанда бірінші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі басталды

Түркістанда бірінші халықаралық сауда көрме-жәрмеңкесі басталды.

Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс әкімдігінің қолдауымен өтіп отырған шараға 100-ге жуық отандық және шетелдік бизнес өкілдері қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Көрменің мақсаты – ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі және қызмет көрсету салаларын дамыту. Көрші елдермен тәжірибе алмасып, ауыл шаруашылығы саласындағы экспорттық әлеуетті арттыру. Мамандар Қазақстанның экспорт әлеуеті жоғары екенін айтады. Тақауда біздің елдің 40-қа жуық кәсіпорны өздерінде өндірілген сүт өнімдерін Өзбекстанға экспорттамақ. Ол үшін көрші елмен келісім бар. Ал Қытай біздің дәнді дақылдарға қызығып отыр. Иранға 5 мың тонна қой еті жөнелтілмек. Еуропа елдері қазақтың астығына ынтызар. Қырғызстанмен де бұл салада әріптестік байланыс нық. Форум аясында шетелдік және отандық инвесторлармен агроөнеркәсіптік кешен саласында жалпы құны 256 млрд теңгелік 10 келісімшартқа қол қойылды.

Мамат Тоқтарбаев, ҚР Президентінің ОШ облысындағы өкілінің аймақтарды үйлестіру және ЭБ жетекшісі:

- Бізден Қазақстанға ерте пісетін алма, қызанақ, картоп өнімдері жіберіледі. Ал сіздерден бізге сүт өнімдері келеді. Қазақстандық өнімдердің сапасы өте жоғары болғандықтан Қызғызстанға үлкен сұранысқа ие. Біз бүгінгі көрмеге табиғи таза балл мен алма, жөн өнімдерін алып келдік. Өткен жылы Ош пен Түркістан қаласы арасында достық, сауда-саттық бойынша жол картасына қол қойылды. Бүгін экспорттың көлемін арттыру бойынша келісімге келдік. Енді сіздерді Ошта өтетін көрмеге шақырамыз.))