Кәкімжан Кәрбозов Торғай аумағында талай істің басын қайырды

Торғай өңірінің Көлқамыс ауылында тұратын Кәкімжан Кәрбозов ақсақалдың есімі жалпақ жұртқа мәшһүр.

Елдің бірлігіне ұйытқы, тірлігіне тірек болып жүрген қадірлі жанның өмірі- өнеге, еңбегі- үлгі.

Қазір сексеннің сеңгірінен асса да, ауыл төрінде төрелік айтып, жұртына жөн сілтеп отырған жайы бар.

Қостанай облысының Жанкелдин ауданындағы Көлқамыс ауылының тұрмыс-тірлігі көбінен көш ілгері. Бір сөзбен айтқанда, бұрыңғы бөлімшенің қазіргі жағдайы қаладағыдан кем емес. Содан болар Көлқамыста табиғи өсім жоғары. Екі үйдің бірі көп балалы. «Осының бәрі ауылдың арқасүйер азаматы  Кәкімжан Кәрбозовтың табандылыгы мен іскерлігінің арқасы», –дейді кейіпкерімізбен бұрыннан көзтаныс мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелді.  

Өмірбек Байгелді, мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, академик:

- Ауылды дамыту үшін көп дүниенің керегі жоқ. Вагон-вагон, поезд-поезд алтынның керегі жоқ. Ауылды дамыту үшін бір білімді, адамгершілігі мол, басында қасиеті бар бір пысық жігітті қою керек. Бұл Кәкең осындай ержүрек, түсінігі мол адам. Халыққа жаны ашитын адам. Осындай адамдарды көтеру керек үлгі етіп көрсету керек.

Қара нардай көш бастаған Кәкімжан ата қайтпас қайсарлығымен, табандылыгымен Торғай аумағында талай істің басын қайырды.  Жоғары жақтағыларға сұрау сала жүріп, Албарбөгет су тоғанын қайта жөндеткені неге тұрады. Қазір сол тоған Торғайдың тең жартысын суарып отыр. Құлақ асса, ақсақалдың  ақылға қонымды ойлары аз емес.

Кәкімжан Кәрбозов, еңбек ардагері:

- Кең дала Торғайдың жазық даласына орын тепсе, малды өсірсе, продукциясын тапсырса, ол деген өзін де асырайды, қаланы да асырар еді. Қазір енді қазақ мемлекеті дамыды деп ойлаймын. Дамығанның белгісі сол, барлық жағдайы бар. Қаражаты бар, инфрақұрылымы бар. Енді неге сондай орындарды ашпаймыз. Жүнді қабылдайтын, жаңағыдай теріні қабылдайтын. Жаңағы керек болса, малдың сүйегінің өзінен көптеген жағдайлар жасауға болады ғой. Осы мәселелер алынбай тұр.

Елдің ынтымағы мен ырысына жарасым берген осындай ақсақалдарымыздың  бай тәжірибесін қоғам қажетіне жарата білсек, көп нәрседен ұтарымыз хақ.

Кәкімжан Кәрбозов, еңбек ардагері:

- Соның істегін көпшілік істей алмай жатыр. Оған енді жағдайы да жетпей жатқан шығар, бірақ енді ақылы жетпей жатыр ау деймін. Соның тәжірибесін алып, істегенін істеп отырғандар бар, жоқ деп айтпаймын,бірақ жалпы көлемде ол болмай жатыр.

Кезінде Кәкімжан Кәрбозовтың  өзі іргетасын қалаған шаруа қожалығы қазір кенже ұлы Манапттың иелігінде. Ал жақында 85-ке толғалы отырған ақсақалдың бар арман тілегі.елінің амандығы, жұртының тыныштығы. 

Бірінші еліміз аман болсын, еліміз тыныш болсын. 000153 Жаңа жыл елімізге, құт жыл болсын, бақыт жылы болсын.

Авторлары: Мағауия Қалиев, Серік Қоңырбаев, Мейрамбек Ахмаханов, Виктор Полянный