Ақмола облысы Қорғалжын ауданының халқы Наурыз мерекесіне жиылды

Ақмола облысы Қорғалжын ауданының халқы да көктем мен жаңаруды айшықтайтын Наурыз мейрамына жиылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жылда ойын-сауық, той-думанмен өтетін Ұлыстың ұлы күнін Қорғалжын ауданы биыл да ерекше құрметпен қарсы алды. Әділхан Шабатов атындағы орталық алаңға ақ отау киіз үйлер тігіліп, ақ дастарқан жайылды. Халыққа палау таратылып, Наурыз көже үлестірілді.

Сонымен қатар ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, дзюдо және қошқар көтеру, жілік сындыру секілді ұлттық ойындардан жарыстар өтті. Жеңімпаздар арнайы медальдармен марапатталды.