Өскемендік фотосуретші Ренат Мансуров бүгін ерекше акция өткізді

Наурыз мейрамынан естелік. Өскемендік фотосуретші Ренат Мансуров бүгін ерекше акция өткізді.

Ол тұрғындарға кішкене тақта ұсынып,  Наурыз мерекесін сипаттап жазуды ұсынады. Ал жазба иесін, сол күйі фотоға түсіріп алды. Сонымен біреу Наурызды қуаныш, біреу жарқыраған күн, енді бірі тіршілік көзі деп жазып жатыр. Белгілі фотограф осы акция арқылы  жерлестерін "Ұлыстың Ұлы күнін" тек мейрам ретінде ғана емес, терең мағынада тәрбиелік мәніне көңіл аударуға үндейді.

Ренат Мансуров, фотосуретші:

- Осы шара арқылы жұрт Ұлы мейрамның тарихи мәніне, мағынасына назар аударса екен деймін. Өйткені ғасырлардан жеткен Наурыз тек той жыр емес, бүкіл табиғат бусанып жаңаратын, тіршілік жанданатын ерекше сәт.Осыны бүгінгі ұрпақ түсіну керек.